Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Bilim Foundation» Қауымдастық қорымен бірлесіп, елордалық мектептер мен колледждерінің педагог – психологтеріне «Кәмелетке толмағандар арасында аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу және денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру» тақырыбымен екі тілде оқыту курсын өткізді.
Педагог- психологтер автоматтандырылған диагностикалық жүйеде логиндер мен парольдерді платформада жеке кабинетте қолдана отырып, диагностика бойынша жұмыс жүргізу меңгерілді.
Семинар соңында қатысушы педагог- психологтер өз ойлары мен мен ұсыныстарын енгізді.
Семинарға 63 педагог-психолог қатысты.