Әзілхан Нұршайықов және журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері

14 желтоқсан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстанның Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығына арналған «Әзілхан Нұршайықов және журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Айтулы конференцияға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Конференцияда жазушының қазақ әдебиетіне қосқан шығармашылық үлесі  жан-жақты талқыланып, қазақ журналистикасының өзекті мәселелері, оның теориялық және тәжірибелік негіздері сөз болды. Шараға еліміздің, Өзбекстан мен Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми қауымдастық өкілдері белгілі жазушылар, әдебиеттанушылар, филологтер, журналистер қатысты. Іс-шара ф.ғ.к., профессор Мұратбек Тоқтағазиннің «Халқы қадірлеген қаламгер» кітабының тұсаукесерімен, университет студенттерінің Ә. Нұршайықовтың шығармаларынан дайындалған көріністерімен жалғасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған