Ювеналды полиция қызметкерлеріне арналған семинар-практикум

12 желтоқсанда Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімімен Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдермен өзара іс-қимыл ерекшеліктері» тақырыбында ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар үшін семинар-практикум өтті.  Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс шеңберінде ағартушылық қызмет мақсатында ұйымдастырылды.

        Астана қаласы Білім басқармасының, Балалардың құқықтарын қорғау кабинетінің бас маманы Г.Т. Хасенова жасөспірімдер арасындағы балалар суицид проблемасының өзектілігін атап өтті.  Астана қаласы полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Н. Н. Дощанова кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқымен алдын алу жұмыстарында бірлескен қызметтің маңыздылығын атап өтті.

     Семинар дәріскерлері Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г. К. Капанова және бөлім әдіскері Л.Ж. Бодикова өз сөзінде балалар мен жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез-құлық бейімділігінің дамуына әкелетін негізгі факторларды, суицидтік мінез-құлық белгілерін тану үшін ересектерге қандай индикаторларға назар аудару маңызды екенін, дағдарыс жағдайындағы жасөспірімді қалай қолдау керектігін айтты. Кейстер бойынша практикалық жұмыста, әдеттегі күнделікті жағдайларда, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы кедергілерге әкелетін жағдайлар, сондай-ақ ересектердің қателіктеріне байланысты отбасындағы баланың психикасына жағымсыз салдарлар талқыланды.      

Семинар тыңдаушылары талқылау барысында сұрақтар қойып, талқылауда өте белсенді болды, әсерлі бейнероликтерді көрді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыру идеясын қолдады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған