Жалпы білім беретін ұйымдардағы педагог-ассистенттің рөлі

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық   жоспарына сәйкес  Астана қаласы әкімдігінің «№8 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК бірлесе отырып, инклюзивті білім беру ұғымдарын түсіндіру және «Мінез-құлықты қолданбалы талдау» әдісі элементтерімен бөлісу, педагог-ассистенттердің  жалпы білім беретін ұйымдағы рөлін іс-тәжірибе алмасу арқылы көрсету  мақсатында  «Жалпы білім беретін ұйымдардағы педагог-ассистенттің рөлі» тақырыбында семинар-практикум өтті.

 Семинар барысында спикерлер  жалпы білім беру ұйымдарындағы  педагог-ассистенттер ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудағы тиімді әдіс тәсіл «АВА терапиясы» элементтерін қолдануды көрсетіп,  өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, өз жұмыс барысында қолданатын  «жетон», «peks» карталарын, күнделікті қолданатын құралдарын көрсетті.

Іс-шараға  жалпы білім беру ұйымдарынан 70 ке жуық педагог-ассистенттер және мамандар қатысты.

Іс-шара соңында қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, спикерлерге өздерінің ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған