Оқу-тәрбие  процесін тиімді ұйымдастыру: болашақ мамандарды сапалы дайындаудың негізі

2022 жылдың 8 желтоқсан қүні Кәсіптік-техникалық колледжінде «Оқу-тәрбие  процесін тиімді ұйымдастыру: болашақ мамандарды сапалы дайындаудың негізі» тақырыбында  қалалық семинар өтті.

Семинарды  өткізу  мақсаты –  Кәсіптік-техникалық колледжінің білім беру мен тәрбие мазмұнының сапасын арттырудағы педагогтардың өзық  педагогикалық тәжірибесін көрсету.

Семинарға Астана қаласы колледждері басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Колледждің  өндірістік  оқыту шебері  Мейрамбаев А.С. және  арнайы пәндер оқытушысы Тлеубаев О.О. «Автокөлік  техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  мамандығы бойынша шебер-сынып өткізіп, өндірістік оқыту сабақтарында білім алушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруда  қолданып жүрген оқыту технологияларымен бөлісті.

Жатақхана тәрбиешілері: Аргинбекова Ж.Ж., Абдуова Б.У., Қапбасова М.С., Балмурзаева Т.А., Халыкова Н. Е. ашық тәрбиелік іс-шаралар өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Информатика пәндерінің оқытушылары Есиркепова А.К. және  Канаев М.Б. HTML web парағын құрастыру тақырыбы бойынша шебер-сынып өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Алтаев А.А., орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы  Байгожина А.Е.,  ағылшын тілі оқытушысы Байтемирова Н. Б. «Көптілдік- студенттердің тілдік құзыреттілігі мен ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың негізі» тақырыбы бойынша студенттерге туған халқының мәдениетін жан-жақты меңгертудің негізігі әдіс-тәсілдерін қолданып, үш тілде шебер-сынып өткізді. Семинарға қатысушылар колледждегі болашақ мамандарды сапалы дайындауда педагогтарының оқу-тәрбие  процесіндегі тәжірибесі  зор екенін атап өтіп, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған