Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2022 жылғы 08 желтоқсанда № 43 Қосымша білім беру мектеп-орталығының қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру орталығының жұмыс жүйесі» онлайн форматында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты — білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибені жалпылауға және таратуға бағытталған педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру және әдістемелік сүйемелдеу үшін жағдай жасау.
Семинар барысында келесі педагогтер тәжірибемен бөлісті:
1. Кравченко Валентина Валерьевна, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы №19 мектеп — қосымша білім беру орталығының директордың бейіні бойынша орынбасары, тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектептегі қосымша білім беру орталығының жұмыс жүйесі. Жинақтау, тарификациялау және бағдарламалық сүйемелдеу мәселелері»
2. Захарова Тамара Валерьевна, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы №19 мектеп — қосымша білім беру орталығының директордың орынбасары, тақырыбы: «Пәндерді аттестаттау. Қосымша білім беру педагогтерінің аттестаттау іс-шараларынан өтуі».
3. Шатурный Евгений Федорович, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы №29 Қосымша білім беретін мектеп-орталығының директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, «Қосымша білім беру орталықтары шеңберінде жастарды әскери патриоттық тәрбиелеудің перспективалары мен ерекшеліктері».
4. Щеглова Елена Викторовна, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы № 1 балалар музыкалық мектебінің директоры Соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қосымша білім берудің ең маңызды мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерін білдірді.