2022 жылғы 7 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №90 «Еркежан» балабақшасы педагогтерінің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Дәстүрден тыс әдістер: еркіндік пен шығармашылыққа апаратын жол» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіле отырып, ашық іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларын қатыстыра отырып балабақшаның педагог-психологі «Жылулық сәлемі» атты тренинг жүргізіп, тәрбиешілер дәстүрден тыс тәсілдерді пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізді.
«Сән көрсетілімі» түріндегі дәстүрлі емес әдістерді пайдалана отырып, ата-аналармен бірлескен жұмыс түрі көрсетілді. Семинар сонында, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.