IV Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы

2022 жылғы 29-30 қарашада  «Білім беру экожүйесі – заманауи мектеп қызметінің жаңа моделі» IV халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияның бірінші күні түске дейін директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі, бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, педагог-кәсіби бағдар берушілер, пікірсайысшылар, медиаторлар қатысуымен  Тұран-Астана Университетінде, түстен кейін  химия, биология мұғалімдері қатысуымен Қазақ технология және бизнес университетінде ұйымдастырылды.

Екінші күні  №26 мектеп-гимназиясына директорлардың орынбасарлары мен  пән мұғалімдері шақырылды.

Пленарлық отырысын «Туран-Астана» университетінің ректоры, профессор Джапарова Гүлжамал  Әлкенқызының құттықтау сөзімен ашты. Іс-шарамен 385 педагог қамтылды.

Конференция қонақтары Түмен  индустриалды университетінің инженерлік резерві Мектебінің басшысы Ақжолов А. А., «European Azerbaijan School интеграцияны  дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында  Новрузова Рената, Баку қаласынан, «MedKlass – мектеп оқушыларына арналған сандық білім беру платформасы» тақырыбында Мелентьева А. Н., фармацевтика ғылымының кандидаты,  Сібір мемлекеттік медицина университетінің жаңа студенттерді қабылдау бөлімінің меңгерушісі, Томск қаласынан өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция барысында педагогтер дебат клубы, квест-шоу, шебер-класс, ТРИЗ көмегімен сабақтар, кіріктірілген сабақтар, бинарлық сабақтарға, «Оқитын мектеп» жобасы бойынша отырысына қатысты.

Сондай-ақ, Балалар өнер мектебінде балалар шығармашылық мұражайында астананың «ЮНЕСКО» клубы 5-6 сынып оқушыларының жеке көрмесі және «Ата-аналар клубы» қалалық қоғамдық алаңының 4 ауысымының мәжілісі өтқізілді.

Педагогтер, 11 сынып оқушылары кәсіптік бағыт бағдар беру жөнінде сертификатталған кәсіп бағдар кеңесшісі, «The Students» Халықаралық кәсіптік бағдар беру орталығының директоры К.Т. Лобановамен , «Туран-Астана» университетінің білім беру сапасы департаментінің директоры С.Е. Нұрпеиісовпен кездесті, кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын құралдарымен, жеке тұлғаның ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, жастарды мамандық таңдауға дайындауға бағытталған іс-шаралармен таныстырылды. Пленарлық отырысының аяғында Туран-Астана университеті, Түмен индустриалды университетінің инженерлік резерві Мектебі, «The Students»халықаралық кәсіптік бағдар беру Дискуссиялық  клубы  орталығы арасында Меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған