Жас педагогтермен кездесу

2022 жылғы 07 желтоқсан күні Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы жалпы білім беру ұйымдарының жас педагогтерімен, оқу-тәрбие, бейіндік жөніндегі орынбасарлары кездесу өткізді.

Жас педагогтармен кездесудің мақсаты: педагогтердің бір-бірімен қарым-қатынаста қолдау жасау, тәжірибелі әріптестермен өзара педагогикалық тәжірибені көрсету және теориялық білімді жетілдіру мәселелерінде жас мамандарға практикалық көмек көрсету.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарында жас педагогтердің құзыреттілігі мен шеберлігін арттыру мәселелері, сондай-ақ келесі тақырыптар талқыланды:

  • Құндылыққа негізделген білім беруді мектептерде еңгізу;
  • Инклюзивті білім беруді жетілдірудің әлеуетті мүмкіндіктері.
  • Жас педагогтердің арасында Дебаттық қозғалысын жетілдіру;
  • Әдістемелік орталықта жас педагогтерді қолдау мақсатында психологиялық-педагогикалық кабинетін ашу туралы және  басқада сұрақтар бойынша талқыланды.

Соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қосымша білім берудің ең маңызды мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған