2022 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімімен № 31 мектеп-гимназия базасында ата-аналарға арналған көшпелі оқыту семинары ұйымдастырылды.
Ата-аналармен кездесу «Отбасылық конфликтологияның негіздері: отбасындағы жанжалды жағдайларды қалай болдырмауға болады?» тақырбында өтті.
Кездесуге 5-8 сынып оқушыларының 32 ата-анасы келді. Бөлім қызметкері, педагогика және әлеуметтік ғылымдарының докторы, профессор А. Н. Тесленко жанжалды жағдайлар туындаған кездегі мінез-құлық стратегиялары мен тактикасы, сондай-ақ отбасылық жанжалдарды шешу кезеңдері мен жолдары талқыланды. Ұрпақтар қақтығысына ерекше назар аударылды, ата-аналардың тренинг түрінде ашу,ызаны бейтараптандыру техникасын игеруге мүмкіндік болды.
Ересектер үшін ата-аналардың кез-келген жанжалы баланың психикасына қатты жағымсыз әсер ететінін әрдайым есте ұстаған жөн.
Кездесуге қатысушылар семинар туралы тек оң пікірлер қалдырды, ал біздің психологиялық сүйемелдеу бөлімі көшпелі оқу іс-шараларында қызығушылық танытқан ата-аналарды көруге әрқашан қуанышты.