Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білім беру ұйымдарында қолдану

Астана қаласы Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5 жұлдызында Ө.Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейі базасында «Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білім беру ұйымдарында қолдану» тақырыбында «Жас директорлар клубы» жобасының алғашқы оқу-әдістемелік семинары өтті. Жобаның басты мақсаты жаңа тағайындалған мектеп директорларына қызметтік қолдау, әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға Білім басқармасы және Әдістемелік орталықтың бөлім басшылары мен әдіскерлері, білім беру ұйымдарының 31 жас басшылары қатысты.

Семинар соңында қатысушылардан нормативтік-құқықтық актілері бойынша кездесетін проблемалық сұрақтарға  жауап берілді. Жұмыс барысында пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта шара сапасының тиімділігін арттыру мақсатандағы ұсыныстарды Google нысанындағы кері байланыспен анықталды. Кері байланыс нәтижесінен семинар өз дәрежесінде өткізіліп, қатысушыларға пайдалы болғанын көруге болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған