Білім беру ұйымдарының үздік сайты – 2022

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мемлекеттік білім беру ұйымдары (мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша және арнайы білім беру) арасында «Білім беру ұйымдарының үздік сайты – 2022» қалалық байқауын өткізді.  Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесі туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін үздік интернет-ресурстарды (сайттарды) анықтау және танымал ету. Байқауға білім беру ұйымдарынан 62 өтінімдер келіп түсті. Сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша жеңімпаз ұйымдар анықталды:

Қосымша білім беру ұйымдары:

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы – 1 орын;

«Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы – 2 орын;

№2 музыка мектебі – 3 орын;

№1 өнер мектебі – 3 орын.

Арнайы білім беру ұйымдары:

№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – 1 орын;

№3 арнайы мектебі – 2 орын;

№2 арнайы мектебі – 3 орын.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі – 1 орын;

Техникалық колледж  – 2 орын;

Жоғарғы медициналық колледж – 3 орын.

Орта білім беру ұйымдары

№67 мектеп-гимназия – 1 орын;

№10 мектеп-гимназия – 2 орын;

№46 балабақша-мектеп кешені – 2 орын;

№75 мектеп-гимназия – 3 орын;

№30 мектеп-гимназия – 3орын.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

№86 «Зияткер» балабақшасы – 1 орын;

№19 «Балбөбек» балабақшасы – 2 орын;

№41 «Балдырған» балабақшасы – 3 орын. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2 Comments

  1. сәлеметсіздер ме
    «Білім беру ұйымдарының үздік сайты» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз
    еңбектеріңіз жана берсін
    Ұйымдастырушы ұжымға табысты еңбек тілейміз
    Осындай онлайн байқаулар бола берсе екен деген ниет білдіреміз

    Осы байқаудың дипломын қайдан,қалай алуға болады

    Астана қаласы № 41 «Балдырған» балабақшасы әдіскері

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған