ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

2022 жылдың 25  қараша күні Әдістемелік орталықтың  жоспарына сәйкес №31 мектеп-гимназия педагогтеріне әдістемелік  көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырылды.

Әдіскерлер барлық пәндер бойынша 56 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.  Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған