Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда заманауи технологияларды пайдалану

2022 жылғы 01 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КМҚК орта білім беру бөлімінің әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы қаланың физика пәні мұғалімдеріне «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында қалалық семинарын өткізді. Бағдарлама бойынша әріптестер «Сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» А. Дусчанова №38 мектеп-лицейі, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған физикалық тәжірибелер» С. Тореханов №64 мектеп-лицейі, «Функционалдық сауаттылыққа есеп құрастыру» А. Силамхан №51 мектеп- гимназиясы, «Заманауи технологияны пайдалана отырып оқушыға формуланы ойын арқылы үйрету» Р. Агибаева №53 мектеп-лицейі, «Физика сабақтарында ақпараттық- коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» А. Қанатбекқызы №50 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімдері білім сапасын арттыруға бүгінгі күнде қолданыстағы технологияның тиімділігін көрсетіп, өз ойларын ортаға салды.

Семинар соңында  өткізілген  іс-шараға әріптестер кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған