Әдістемелік күн

Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету – бүгінгі заманның басты талабы. Уақыт ағымына сай тың жаңалықтардан хабардар болу, оқушыға тек қажетті ақпаратты беру, сабақ беру процесін күрделендірмей, барынша жеңіл етіп өткізу үшін де ұстаздарға әдістеме қажет. Сондай шараның бірі бүгін, 2022 жылдың 2 желтоқсан күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде өтті. Бастамашы топ: «Әдістемелік орталық» МКҚК.

Бұл ретте пән мұғалімдерінің сабақты ұйымдастыруына, формативті бағалауды дұрыс жүргізуіне, оқытудың тиімді әдістеріне, сабақтың мақсат-міндетіне мән беріліп, сәйкесінше, әдістемелік көмек көрсетілді. Осылайша әдіскерлер бас-аяғы 45 сабаққа қатысып, тиімді де оңтайлы кері байланыс орнатты. Біздіңше, бүгінгі өткен маңызды шарадан жас ұстаздар да, тәжірибелі мұғалімдер де білім беруге қатысты тың әдістерді меңгеріп, оны алдағы уақытта іс жүзінде іске асырады. Себебі уақыт сәт сайын өзгеріп отырған шақта білім беру де бір орында тұрмасы анық.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған