Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар

2022 жылғы 24 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен  Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Заманауи әдіс – сабақтың жетістігі» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты заманауи әдістерді сабақта пайдалану арқылы оқушының жеке құндылығын қалыптастыру болып табылады.  

Мектеп директоры Б. Сыздыкова семинарды ашып, мұғалімдердің оқыту шеберлігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жүйесі туралы баяндады. 

Әдістемелік орталықтың әдіскері Н. Әзімбай мұғалімдердің заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеріп, сабақта шебер қолдана білуі  – заман талабы екенін атап өтті.

 Бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісінің орынбасары А. Боранбаева  педагогтерге іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.

 Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер ашық сабақтар көрсетті.

Л. Туркестанова Әліппе сабағында «Әуенге қосылып оқы» әдісін қолданса, Ғ. Айдарбекова «Ә дыбысы және әрпі» тақырыбы бойынша өткен   сабағында «Кір жаю» әдісі мен «Әжейге жіп иіруге көмектес» ойыны арқылы жұптық жұмыстар жүргізді.  А. Мунайдарова сабағында «Сұрақтар жаңбыры», «Табан ізі» әдістерін тиімді қолданды.   

Жаратылыстану сабағында Г. Шапатова «Дұрыс тамақтану» тақырыбын «4 сурет, 1сөз» әдісімен өткен материалды оқушылардың естеріне түсіріп, «Мнеможол», «Дәнімен анықта» әдісімен нан өнімдері мен дәнді дақылдарды тапқызды. Әдебиеттік оқу пәні бойынша А. Сахова «Ұлттық ойындар» тақырыбындағы сабақта «Орамал тастау», «Хан», «Арқан тарту» ойындарын ойнады.

Әдебиеттік оқу пәнінен С. Жансұлтан «Оқушы Шоқан» тақырыбында сабақ өтіп, «Саралау» әдісін пайдаланды. А. Нұрахметова  «Қамқор  жандар» тақырыбын  «АӘБВ» әдісін пайдалана отырып түсіндірді.

Ф. Абишова  «Оқу мен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында   коучинг өткізді.  Мұғалімдер белсенді әдіс-тәсілдермен танысып,  «ТИК ТОК»  әдісі арқылы  кері байланыс жасады.  

 «Сөзден – іске…» интеллектуалдық сайысында М. Абдукодирова ата-анамен жұмыс түрін көрсетті. «Кім көп біледі?» блиц сұрақтар, «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Мақал – сөздің мәйегі», «Ситуациялық сұрақтар», «Менің арманым…» атты кезеңдерден тұратын сайыс қызықты өтті.   Семинарды директордың орынбасары Н.Төкебаева «Білгенім  – маржан» әдісі арқылы  қорытындылады.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған