«Үздік  өндірістіқ оқыту шебері» қалалық байқауы  өткізілді

2022 жылдың 1-25 караша  аралығында Астана қаласы техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында  «Үздік  өндірістіқ оқыту шебері» қалалық байқауы  өткізілді

Өткізу мақсаты- өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіру,  мамандығының беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені насихаттау.

Байқау екі кезенінен өткізілді. Бірінші сырттай турға 14 өндірістік оқыту шебері қатысып, визит карточкасы мен инновациялық технологияларды пайдаланған  өндірістік оқыту бейнесабақтарын ұсынды.

Байқаудың сараптамалық комиссиясының шешімі бойынша екінші  тікелей турға 8 қатысушы жіберілді.

Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылармен «Педагогикалық блиц-турнир» өткізіліп және шешу үшін педагогикалық жағдайлар ұсынылды.

«үздік өндірістік оқыту шебері» қалалық байқауының бірінші және екінші

кезендері қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде – Бисенгалиева Салтанат Макимовна, «Техникалық  колледжі» МКҚК  «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»  мамандығы  бойынша  өндірістік оқыту шебері; 

І  дәрежелі диплом – Рахимов Серик Магазович, ASTANA POLYTECHNIC  жоғары колледжі» ШЖҚ МКК «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері;

ІІ дәрежелі диплом – Актаева Салтанат Шаукатбековна, «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚҚ  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандығы  бойынша  өндірістік окыту шебері;

ІІ дәрежелі диплом – Хижинская Антонина  Александровна, «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша  өндірістік оқыту шебері;

ІІІ дәрежелі диплом – Кунапина Мадина Алибековна, «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК «Тамақтандыруды ұйымдастыру »  мамандығы бойынша өндірістік  окыту шебері;

ІІІ дәрежелі диплом – Айткулов Раметулла  Пернебаевич, «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК  «Жол қозғалысын  ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері;

ІІІ дәрежелі диплом – Сарсенова Улжан Отегеновна, «Технологиялық  колледжі» МКҚК «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы  бойынша  өндірісінің  оқыту шебері. Байқаудың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Астана қаласының «Әдістемелік орталығы»  МКҚК дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған