«Шын білім – ақиқат, анық білім» ғылыми бағыт бойынша секциялық жұмыстың қорытындысы

2022 жылғы 24 қарашада «әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясы аясында «Шын білім – ақиқат, анық білім» ғылыми бағыты бойынша педагогтердің секциялық жұмысы өтті.

Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасы өте үлкен және алуан түрлі. Ол өз дәуірінде белгілі барлық білім салаларын зерттеп, дамытқан тұлға.        

Секция жұмысының мақсаты – Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халық пен жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұраны зерделеу.

Сессия жұмысына Алматы, Жамбыл облыстары мен Астана қаласының білім беру ұйымдарының 25-тен астам педагогі қатысып, 11 педагог баяндама жасады. Секция тақырыбы көптеген өзекті мәселелердің мазмұнын талқылауға мүмкіндік берді. Секция жұмысы аясында ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық және эксперименттік сипаттағы баяндамалар қаралды.

Секция барысында «әл-Фарабидің ғылыми мұрасы», «Оқушылардың заманауи картографиялық сауаттылығын дамытудың тиімділігі», «Оқыту сапасымен басқару технологиясы», «әл-Фарабидің философиялық және математикалық еңбектері» тақырыптарында баяндамалар жасалды. Секциялық жұмыс жас педагогтердің өздерінің ғылыми жетістіктерін таныстыру үшін бірегей алаңға айналды, педагогтер өз кәсіби құзыреттерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған