Әдістемелік көмек көрсету

2022 жылғы 22-24  қараша күндері Астана қаласының Әдістемелік    орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының  «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК педагогтерінеәдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум ұйымдастырды.

Семинар барысында орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Б. Есематова балабақша ұжымына аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстыра отырып,
«2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін» слайд-презентация арқылы түсіндірді.

Семинарда мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, «Балабақшадағы инклюзивті орта» тақырыбында Инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы М.Маратқызы, әдіскерлер Л.Х.Байманова мен С.С.Смайыл ақпарат беріп өтті, сондай-ақ Педагогикалық зерттеулер институтының директоры Г. Б. Ахметова
«Авторлық-педагогикалық әзірленімнің түрлері мен құрастыру ережелері»  тақырыбында сөз сөйледі.

«Жаңа бағдарлама негізінде перспективалық жоспар және циклограмманы жазудың ерекшеліктері»  тақырыбына әдіскер Қ.С. Көшен, ал  «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг  жүргізудің негізгі тәсілдері мен баланың жеке даму картасын толтыру» талаптары бойынша М.С. Боранбаева тоқталып өтті.

Орталық әдіскерлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтеріне өзекті болып табылатын нормативтік құжаттармен таныстырды.

Семинар-практикумның соңында қорытынды жасалынып, рефлексия жүргізілді..  Педагогтер тиімді кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Тәрбиешілер өздерін толғантқан сұрақтарға толыққанды жауап алды. «Әдістемелік десант» жобасы аясындағы жұмыс өз жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған