2022 жылдың 23 қараша күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №23 орта мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Әдіскерлер барлық пәндер бойынша 50 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап , сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты. Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.