2022 жылдың 18 қараша күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №14 мектеп-гимназиясының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Әдіскерлер барлық пәндер бойынша 18 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап , сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.
Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.