2022 жылғы 17 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Инклюзивті білім беру бөлімі әдіскерлері мен Астана қаласының «№2 Оңалту орталығы» КММ мамандарының ұйымдастыруымен «Педагогикалық тәжірбие-шығармашылықтың дәні» жас мамандарға арналған семинар-практикум өтті.
Семинар барысында :
— «АКВАТИПИЯ әдісімен ЕБҚ бар балалардың шығармашылық қиялын дамыту;
— ЕБҚ бар балаларға білім беру іс-әрекетіндегі «Фребель сыйлықтары» әдістемелік құралының рөлі;
— Тейптеу әдісін логопедиялық сабақта қолдану ;
— логопед жұмысында инновациялық технологияларды қолдану тәрізді тақырыптар қозғалып, іс жүзінде қалай қолданылатыны көрсетілді.
Арнайы педагогтер көрнекі кестені қолдану арқылы қарым-қатынас дағдылары бұзылған балаларда өзін-өзі қамтамасыз ете білу қабілетін дамыту және мазасыздықты азайту заманауи әдістемелерімен сабақтан үзінді көрсете отырып, іс-тәжірбиесімен бөлісті. Сонымен қатар, педагог-психолог психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерімен, ойларымен бөлісті.