Астана қаласының әдістемелік орталығы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, қоғамға өз үлестерін қосу мақсатында 2022 жылғы 10 қараша күні білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Ата-ана, мектеп, оқушы — болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – жаңа форматтағы ата-аналармен жұмысын жүргізу бойынша әдіс-тәсілдерімен таныстыру; ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру; тәжірибимен бөлісу.
Семинар барысында Астана қаласының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының әдіскері Роман Әділетұлы ата-аналардың балалармен,мектеппен қарым-қатынасын нығайту әдістері мен тәсілдері , ата-аналардың белсенділігін арттыру мақсатында ата-аналармен өткізілетін іс-шаралар түрлері туралы айтып, ата-аналар бірлестіктерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ата-аналар қоғамы лицейдің өміріне белсенді қатысатынын, ал жеке сабақтарды өткізуге ата-аналар, қоғам қайраткерлері, түрлі мамандықтардың өкілдері шақырылатынын атап өтті.
Іс-шараның сонындаа Kahoot қосымшасы арқылы сауалнама жүргізілді, қатысушылар сұрақтар қойды, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады.