Әдістемелік күн ұйымдастырылды

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2022 жылғы 11 қараша күні  №13 орта мектеп педагогтеріне әдістемелік  көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Әдіскерлер білім сапасын төмен көрсеткен пәндер бойынша 17 сабаққа қатысты.  Сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, әр қатысылған сабақтарға әдіскерлер жан-жақты талдау жасай отырып, кері байланыс орнатты.

Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелік күннің ұйымдастырылуы мектепке биыл келген жас мамандар үшін  өте тиімді болды.

Мектеп әкімшілігі  әдіскерлермен кеңесе отырып, алдағы уақытта  орталықпен бірлесе  жүргізілетін жұмыс  жоспарын құрды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған