Қазақ халқының ұлттық музыка өнері

2022 жылғы 1 қараша күні Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің базасында «Қазақ халқының ұлттық музыка өнері арқылы білім алушыларды оқытудың теориялық және практикалық негіздері» қалалық семинар өтті.

Семинар-практикумның мақсаты: жан-жақты дамыған шығармашылық тұлғаны қалыптастыру барысында қазақ халықының өнерін, ұлттық музыка мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттау, педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Семинар жұмысына Астана қаласының Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің халық аспаптары бөлімдерінің педагогтері қатысты.

Семинар барысында Р. Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, домбыра сыныбының оқытушысы А.Е. Зайнуллинова «Жоғары сынып оқушыларымен ансамбль сабағында Қ. Нукишевтің «Шабыт» күйін талдау» тақырыбында және №2 домбыра сыныбының оқытушысы А.С. Шахметова «Домбыра аспабын меңгеру кезіндегі алғашқы сабақтардың маңыздылығы және кемшіліктерімен жұмыс жасау» тақырыбында шеберлік-сынып көрсетті.

Сондай-ақ, семинар аясында «Қобыз аспабында сатылай үйретудің әдістері» тақырыбында ҚР Білім беру саласының үздігі, ҚР Музыка қайраткерлері одағының мүшесі, Р. Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебі директорының оқу ісі бойынша орынбасары, қобыз сыныбының оқытушысы Маржангуль Балтабаевна Алпысбаева өз тәжірибесімен бөлісті. Қобыз сыныбына баланы тарту, оны қызықтыра отырып аспапты үйрету, қолды қоюға, босатуға арналған жаттығуларды көрсетті. Сонымен қатар, қобыз сыныбында жоғары сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы баяндады. Курс соңында қатысушылар семинар-практикумнан алған әсерімен бөлісіп, көрсетілген шеберлік сыныптардың маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *