2022 жылғы 03 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен «Үздік әлеуметтік педагог – 2022» байқауының II кезеңін өткізді және байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқау ережеге сәйкес екі кезеңде өткізілді, I кезең қашықтық форматта 2022 жылғы 5-28 қыркүйек аралығында өтті.
Іс-шара білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтың беделін арттыруға, талантты және шығармашылық педагогтарды анықтауға және қолдауға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
- 1 орын — А. Т.Нұрсейтова, әлеуметтік педагог, №79 мектеп-лицей. (Бағалы сыйлық принтер);
- 2 орын — Н. Б. Сақтағанова, әлеуметтік педагог, №92 мектеп-лицей. (Бағалы сыйлық фотоаппарат);
- 3 орын — Е. К. Кинаятов, әлеуметтік педагог, №70 мектеп-лицей (Бағалы сыйлық электрондық кітап).
Сондай-ақ, қатысушыларға байқау номинациялары: «Ең белсенді әлеуметтік педагог» — №87 МГ әлеуметтік педагогы Қ. Оралхановаға, «Талант» — №7 МГ әлеуметтік педагогы К. М. Өтегеноваға, «Ең шығармашылық әлеуметтік педагог» — №76 МЛ әлеуметтік педагогы А.С. Кожакиеваға берілді.
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.