2022 жылғы 2 қараша күні Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласының арнайы және орта білім беру ұйымдарының арнайы жас мамандары мен жас педагог-ассистенттеріне арналған «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Орталықтың әдіскерлері арнайы және инклюзивті білім беру педагогтерінің ассоциациясы лидерлерімен бірлесе отырып әдістемелік көмек көрсету мақсатында шебер-сыныптар мен тренингтер өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында:
- инклюзивті білім беруде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру;
- жалпы білім беретін мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастырудағы арнайы педагогтің рөлі;
- педагог-ассистенттің міндеттері және толтыратын құжаттары бойынша толық ақпараттар беріліп, «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» және «Түсінемін! Сеземін! Қолдаймын!» атты мотивациялық тренингтер ұйымдастырылды.
100 — ден аса жас маман қатысқан семинар өте қызықты өтті.
Жас мамандар өз сауалдарына толық жауап алып, алдағы уақытта қандай тақырыптар бойынша әдістемелік көмек қажет екендігі жөнінде өз ойларымен бөлісті.