Жас мұғалімдерге арналған семинар-практикум

2022 жылдың 1 қараша күні  А. Бөкейхан атындағы Binom school лицей базасында Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспары бойынша Астана қаласында жас мұғалімдерге арналған «Оқытамын,  үйренемін…» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар жас мұғалімдерге педагогикалық әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді. Семинар барысында әдіскерлер заманауи сабақты модельдеу, стратегиялар мен әдістемелер, пәндерді оқыту әдістемесі, оқу және сыныптан тыс жұмыстарда заманауи оқыту технологиялары мен арнайы бағдарламалық құралдарды пайдалану бойынша тәжірибелерімен бөлісті, сол арқылы жастардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.

Семинарға Астана қаласының мектептерінен 178 жас мұғалімі қатысты.

Семинар аясында жаңартылған мазмұн бойынша жалпы орта білім берудің Типтік оқу бағдарламасы (ТОБ) бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын (ҚМЖ) әзірлеу, сабақты жоспарлауда мақсатқа жету жолдары, бағалаудағы стратегиялар бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Семинар материалдарын жас мұғалімдер өзін-өзі оқыту және педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында пайдалана алады.

Семинарға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды. Семинар тиімді және нәтижелі болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған