Аутистік спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеуді ұйымдастыру және оларды сүйемелдеу ерекшеліктері

Астана қаласы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 27 қазан күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, психолог-логопедтері мен әдіскерлеріне арналған «Аутистік спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеуді ұйымдастыру және оларды сүйемелдеу ерекшеліктері» тақырыбында қалалық  оқыту семинары өтті.

Іс-шара мақсаты аутистік спектрінде ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын дамыту, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Модератор – Астана қаласы Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Байтасов Дидар Дулатович.

Семинар жұмысына елордалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Әділбаев Серік Тәукеұлы, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Кайратовна, Әдістемелік орталықтың  әдіскерлері қатысты.

Семинар спикері «University Medical Center» корпоративтік қорының жоғары санатты психолог-реабилитологі  Исина Райгуль Балтакескеновна Аутизм және аутистік спектрінің бұзылуы диагнозы қойылған балалардың диагностикасы мен түзету жұмыстарының заманауи әдістері туралы баяндады.

Астана қаласы әкімдігінің «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ педагог-психологі Саменова Айдана Мұхитқызы ойын арқылы аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту жолдарын түсіндіріп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

«Ozim Platform» ата-аналарға арналған инклюзивті қосымша туралы аталған  қоғамдық қордың президенті  Мария Ипполитова сөз сөйледі.

Қазіргі уақытта аутистік спектрінде ауытқулары бар балалар санының өсу үрдісі байқалып отыр. Осындай балаларды, ата-аналарын  психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету маңызды фактор болып табылады.    Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.  Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 400-ден астам педагогі қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған