«Ашық есік күндер» апталығы өтті

2022 жылғы 17-21 қазан аралығында Астана қаласының  №1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде Халықаралық есту қабілеті бұзылған адамдардың күніне орай  «Ашық есік күндер» апталығы өтті. Апталық аясында қаланың әр бөлігінде  орналасқан филиалдарда балалар мен ата-аналар қолөнерінің көрмелері, фотокөрмелер, ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, ата-аналарға арналған тренингтер, балалар ЭКО сән көрсетілімі, балаларға арналған байқаулар ұйымдастырылды. Апталық барысында ППТК №1 ұжымы іс-шараларда дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс формалары мен әдістерін  қолданды.

21 қазан күні «Ашық есік күндер» апталығын қорытындылау мақсатында «Есту қабілеті бұзылған балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеудегі педагогтер мен ата-аналардың өзара әрекеттесуінің замануи мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Астана қаласы білім басқармасының бас маманы Г.Ш.Исинова, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының «Инклюзивті білім беру» орталығының директоры Л.А. Бутабаева, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының «Инклюзивті білім беру» орталығының бас эксперті  С.К.Исмагулова, Астана қаласының әдістемелік орталығының инклюзивті бөлімінің басшысы М.М. Марат., «Дара» қайырымдылық қорының жобалар мен бағдарламалар директоры М. Шешембекова, ПМПК басшысы М.К. Жанкина, «Мир слуха» клиникасының сурдолог дәрігері А.У. Кудайбергенова, ата-ана Ю.А. Андриященко қатысты.

Сонымен қатар 60-тан аса ата-ана қатысып, мамандардан өздерін алаңдатқан сұрақтарына жауап  алды.

Отбасымен, №1 ППТК мамандар тобымен және жалпы білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмысты шешудің тиімді жолдары белгіленді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған