📚📱Елорда мектептерін электронды оқулықтармен кешенді қамтамасыз ету қашықтықтан оқыту режиміне көшкен кезден бастап аса өзекті. 🎒Электронды оқулықтардың тағы бір маңызды қарастыру аспектісі-ауыр рюкзактар мәселесін шешу.
👏Астана қаласының білім басқармасы, Астана қаласының әдістемелік орталығы мен мектептері осы бағыт бойынша жұмысты бастады.
🏫 Аталған мәселені зерделеу барысында Астана қаласының №62 мектеп-лицейінің базасында елордалық мектептер үшін электронды оқулықтарды пайдалана отырып ашық сабақтар өткізілді. Сабақ процесін елордалық мектептердің өкілдері көзбен көріп, өздері үшін электронды оқулықтардың артықшылықтарын атап өтті. Сабақтың кезеңдері кезең-кезеңмен өтті және сабақ элементтерінің дифференциациясы бақыланды, онда сабақта планшетті пайдаланудың бөлінген уақытына назар аударылды. Планшетте жалпы уақыт бойынша оқушылар сабаққа бөлінген уақыттың 20 минутын өткізді.
✔️Сабақтар 3 және 10 сыныптарда өткізілді.
✔️Электронды оқулықтарды Алматыкітап БАСПАСЫ TopIQ.kz платформасында ұсынды