Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды.

Aта-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс. Осыған орай 2022 жылғы 20 қазан күні Астана қаласының Әдістемелік    орталығы   елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру: мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі сапалы трансформация» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіп, 2022 жылдың 21 қазан күні елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстарын өткізуді ұсынды.

Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова педагогтерді іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырып,  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілгенін айтты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының басты мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылатындығына тоқталды.

Әдістемелік орталық  әдіскері М. Боранбаева  ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру үшін ата-аналар жиналыстарының жаңа форматын таңдау қажеттілігін, балабақша өмірінде ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс екендігін атап өтті. Іс-шара барысында елордалық мектепке дейінгі ұйым педагогтері  балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту және балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру маңызды екендігін айтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған