Жас маман  тәжірибесінен: ізденістер мен жетістіктер

2022 жылғы 18 қазан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен жас мамандар арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Жас маман  тәжірибесінен: ізденістер мен жетістіктер» атты республикалық семинар өтті.    

        Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры М.Аблезов, Әдістемелік орталықтың және басқарушы компаниияның әдіскерлері  А.Амирова,  Н.Әзімбай, А.Жанисов  сөз сөйледі. 

Семинарға Астана қаласынан басқа да Арқалық, Қостанай, Петропавл, Павлодар өңірлерінен 100-ден астам жас мамандар  келіп қатысты.

       Үш бөлімнен тұратын семинардың алғашқы  бөлімінде  мектеп-психологі А.Сембайдың «Жас маманға арналған лайфхактар» тренингісімен танысып, сондай-ақ мектебіміздің  жас мамандары  С. Ахмет,  Ж. Мұратбаева «Binom» мектебінің  қалыптасу тарихы туралы  айтып өтті.

        Семинардың негізгі бөлімінде  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейінің  жас мамандары ашық сабақтар өткізді. Д. Айтпаева  БиС технологиясы  бойынша  математика  сабағын,

С. Ахмет Steam технологиясы бойынша жаратылыстану сабағын, А. Ахмиева  Сингапур математикасының элементтерін пайдалана отырып математика сабағын өткізсе, А. Сәдуақасова қазақ тілі сабағын, Қ. Азимбаева оқытудың белсенді әдістерінің элементтері туралы  оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын әдістерін пайдалана отырып сабақ өткізді. CLIL технологиясы бойынша жас педагогтер: Д.Әбілғазина, Ұ. Таушанбаева, А. Өтепова, Ж. Ермакова, М. Қамзина ағылшын тілі сабақтарын өтті.

     Жас мамандарға арналған сабақтармен қатар, тәжірибелі  мұғалімдер өздерінің тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Атап айтсақ, Д. Каирова «Сабақ динамикасын басқару» тренингі, Б.Бапахова, З. Муслимбекова «Мейірімді  педагогика», Ж.Арсаева, Г.Жақыпова ата-аналармен «Балаларды тәрбиелеу отбасылық құндылықтардан басталады» атты шебер-сабақ өткізіп, семинар соңында Г. Тымбаева, М. Дарменова кері байланыс жасады.

    «Бала жүрегі-кішкентай күй сандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.  Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек»- деп қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шаханов айтып өткендей, оқушыны түсіну, оған жол сілтеу барысында жас маманның алғашқы тұсбағдары кәсіби шебер ұстаздың  бағыт-бағдары болады деп айтсақ қателеспейміз. Осы орайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен жас мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңы, жас мамандарды шыңдаумен қатар оларға алғашқы қадамдарында тың идеялар мен шебер сабақтармен бөлісе отырып шыңдалудың шеберлігін жоғары деңгейде түсіндіре білген семинардың бірі  болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған