Өнерпаз болсан арқалан

Әдістемелік орталығы 2022 жылғы 19 қазан  №8 мектеп-лицейінде «Оқушының мәдени нормативі», «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Кино және ТВ» кафедрасының оқытушысы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», кинорежиссер Кенжебай Дүйсембаевпен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты: оқушылардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу, жастар арасында жасампаздық әлеуетті нығайту, адал еңбек иесіне құрмет көрсету, үлгілі тәрбие беру.

8-9 сынып оқушыларымен «Менің алға жетелейтін арманым…», «Заманауи кемел тұлға бейнесі…», «Кітап-рухани байлықтың көзі…» тақырыптар қозғалып, талқыланды. Кездесу барысында Олжабай Жанболат  ән жырын төгіп, Жанарбек Мейірбан өзінің шығарған  өлеңін оқыды. Кеш барысында  Кенжебай Дүйсембаев өзінің шығармашылығы, жұмыс қиындықтары және мамандықтың шығармашылық құмарлықтары туралы өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар іс-шара қонағына киноиндустрия туралы түрлі сұрақтар қойды. Кездесу оқушылармен естелік фотосуретпен аяқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған