Кітап арқылы ашылған сырлы әлем

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ және ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫ 17 – 28 Қазан аралығында Халықаралық мектеп кітапханаларының күніне орай «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» КІТАПХАНА АПТАЛЫҒЫНЫҢ салатанатты ашылуын жариялап 10 күндік іс-шараларды бастады. Іс-шараға елордалық барлық мектептері қатысып, кітапханалық іс-шараларды тамашалауда. Айта кетерлік, іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық педагогикалық кітапханасының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Айтулы шарада мектеп ұстаздар, оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала би билеп, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ мектеп оқушылары өздері оқыған кітаптар туралы ойларымен бөлісіп, кітап оқудың таным көкжиегін кеңітудегі орнына тоқталды. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Сондықтан кітап оқу мен кітапхана ісі заман көшімен бірге дамып, өркендей бермек. Шараға қала мектептерінің кітапханашылары, арнайы шақырылған қонақтар, оқушылар, ұстаздар қатысты. Сонымен қатар, елордалық білім беру ұйымдарының кітапханалары қуанышты хабармен бөлісуде: «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысына толықтыру енгізіліп, биылдан бастап 24 қазан «Кітапханашылар күні» болып бекітілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған