А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану

2022 жылғы 12 қазанда Алматы қаласында Қазақстанның мектеп оқушыларына арналған «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» атты жаңа «Салауатты өмір салты» бағдарламасының іске қосылуына арналған баспасөз-конференциясы болып өтті. Жоба мұғалімдер мен ата-аналармен бірге бастауыш мектептен бастап балалардың салауатты тамақтану әдетін қалыптастыруға көмектеседі. Шараға Алматы мен Астана қалаларының Білім басқармаларының өкілдері, Қазақ Тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары, блогер-ата-ана мен курстың авторлары белсенді ат салысты.

Шараның соңында Danone компаниясы, Алматы Білім басқармасы, Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері мен Жекеменшік білім беру мекемелері қауымдастығының өкілі өзара салауатты тамақтануды дәріптеуге арналған жобалар бойынша және сонымен байланысты түрлі шаралар мен бастамаларды жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған