Әдістемелік десант

2022 жылғы 15 қазан күні Астана қаласының Әдістемелік  орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №84 «Кәусар» балабақшасының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум ұйымдастырды.

 Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова балабақша ұжымына аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын, сондай-ақ  слайд-презентацияны таныстыра отырып, 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндірді.

Семинарда мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, талдау және мониторинг бөлімінің әдіскері Д. Курмашев «Педагогтерді аттестаттау, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)», ал  Педагогикалық зерттеулер институтының директоры Г. Ахметова «Авторлық-педагогикалық әзірленімнің түрлері мен құрастыру ережелері»  тақырыбында сөз сөйледі.

«Перспективалық жоспар және циклограмманы жазу үлгісі»  тақрыбына әдіскерлер Қ.С. Көшен, Ж. Б. Ахметова, ал  «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг  жүргізудің негізгі тәсілдері»  –  М.С. Боранбаева сөз сөйледі. Баланың жеке даму картасын толтыру талаптары бойынша   әдіскер С. Смайыл шебер-сынып өткізді.

   Спикерлер мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтеріне өзекті болып табылатын нормативтік құжаттар, әдіс-тәсілдер, стратегияларды таныстырды.

Семинар-практикумды әдіскер Б. Әзімбай қорытындылып, рефлексия жүргізді.  Педагогтер тиімді кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Тәрбиешілер өздерін толғантқан сұрақтарға толыққанды жауап алды. «Әдістемелік десант» жобасы аясындағы жұмыс өз жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған