ЖАС ПЕДАГОГ МЕКТЕБІ

Жас мамандармен, сондай-ақ оқу орындарына жаңадан келген педагогтермен жұмыс дәстүрлі түрде әдістемелік жұмыстың маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.

Жас  педагогтердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін мотивациялық ортаны құру мақсатында 2022 жылдың 13 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК ТжКБ бөлімінің әдіскерлері  тарапынан «Жалпы білім беретін және арнайы пәндер сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында Д.Қонаев атындағы колледж базасында семинар өткізілді.

Семинар аясында тәжірибелі ұстаздар А.Ж.Жұбаниязова – педагогтер Ассоциациясының көшбасшысы,  Д.Қонаев атындағы колледж директорының ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары,  Ж.Т. Мағауин – НЗМ штаттан тыс тренері,  Қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету колледжінің биология пәнінің оқытушысы,  Ж.М.Келменбаева – педагог-зерттеуші, Техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері, А.Ө.Балчих – PHD докторанты, Д.Қонаев атындағы колледждің тарих пәнінің оқытушысы

жас мамандарға ТжКБ білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндірмелер беріп, жалпы білім беретін және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, оқу құжаттамасын ресімдеу, топқа жетекшілік ету мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік орталық әдіскерлері колледждердің жас оқытушыларының назарына 2022-2023 оқу жылына арналған жас педагогпен жұмыс жоспарымен таныстырып, кәсіби бейімдеу мақсатында ашық сабақтарға, қалада өткізілген семинарларға, студенттерді қамтитын түрлі байқауларға қатысуға, педагог портфолиосын құрып, оған өздері қол жеткізген кәсіптік және жеке жетістіктерін, сабақ талдаулары бар бақылау парақтарын, әдістемелік кеңестердегі, семинарлардағы жасаған баяндамаларын енгізуге ұсыныстар берді.

Жас педагогтер ұйымдастырушыларға семинардың мазмұнды және тәжірибеге бағытталғанын атап көрсетіп, әдістемелік көмек алу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған