«Оқуға құштар» жобасы

7 қазан күні Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ай сәулесімен кітап оқиық» атты ерекше кітап оқу кеші өтті. Өтілген кітапхана түніне Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектеп-лицейінің «Оқуға құштар» жобасының  мүшелері 7 «Ә» сынып оқушылары өздерінің ата-аналарымен және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садуакасова Гулжазира Резедденқызымен қатысып қайтты. Түрлі бағытты қамтыған шарада оқушылар жазушы Толымбек Әбдірайыммен кездесу жасады. Кітап алмасып, көрме тамашалады. Оқу залындағы шығармалармен танысты. Жасөспірімдер үшін қызықты сәті жас журналист спикерлермен сұрақ-жауап сұхбатын құру болды.  Кітапқұмар жас спикерлер өздерінің алғашқы оқыған көркем шығармаларының әсері мен құндылығы туралы ой бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған