«Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында  режиссермен кездесу

Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы 5 қазанда № 59 мектеп-лицейінде «Оқушының мәдени нормативі», «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Кино және ТВ» кафедрасының оқытушысы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», кинорежиссер Кенжебай Дүйсембаевпен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты: оқушылардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу, жастар арасында жасампаздық әлеуетті нығайту, адал еңбек иесіне құрмет көрсету, үлгілі тәрбие беру.

Кездесу барысында Режиссер Серхио Леоне «Жақсы адам, жаман адам қатыгез адам» фильмді талқылады.

Фильмнің барлық актерлері актерлік шеберліктерін көрсетіп, халықтың рухани өміріне, киелі сахна, театр, кино әлеміне жоғары шығармашылық талғаммен және ерекше қолжазбамен үлкен үлес қосты.

Кеш барысында  Кенжебай Дүйсембаев өзінің шығармашылығы, жұмыс қиындықтары және мамандықтың шығармашылық құмарлықтары туралы өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар іс-шара қонағына киноиндустрия туралы түрлі сұрақтар қойды. Кездесу оқушылармен естелік фотосуретпен аяқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған