Химия сабағында  оқушылардың білім сапасын және  қызығушылығын арттыру

2022 жылғы 4  қазан күні   Қадыр Мырза Әлі атындағы «Вinom school»  мектеп –лицей базасында Астана қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен  «Химия сабағында  оқушылардың білім сапасын және  қызығушылығын арттыру» тақырыбында қалалық  семинар өтті.

         Семинар барысында  Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының  химия пәні мұғалімі А.Қожантаева, Астана қаласы, Республикалық физика – математика  мектебінің химия пәні мұғалімі Райсханова Гулжанат Советқызы төмендегі тақырыптарда іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • Химия пәнін оқытудың тиімді әдістері;
  • Әрбір сабақ – ғылыми тәжірибе бастауы;
  • Жаратылыстану ғылыми –цикл пәндерінің білім  сапасын көтеру.

        Сонымен бірге Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері Д.Құрмашев пен Р.Айғараева  мұғалімдерді аттестаттау – білім сапасын көтерудің, біліктілікті арттырудың негізгі факторлары және  оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында жасалынатын  авторлық бағдарлама, әдістемелік құралдарға қойылатын  талаптар  бойынша қажет ақпаратпен таныстырды.

        Семинар соңында қатысушыларға семинарда алған ақпаратты өз мектептеріндегі әріптестерімен бөлісу ұсынылды. Семинарға келген  мұғалімдер де белсенділік танытып, семинар соңында кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған