Тарих пәнінің мұғалімі қандай болу керек?

Астана   қаласы   әкімдігі   Білім   беруді  жаңғырту орталығының әдіскері

Д. Амиргалиева қала мектептерінің қазақ тілінде оқытатын жас маман тарих пәні мұғалімдеріне арналған  «Тарих пәнінің мұғалімі қандай болу керек?»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

                    Білім-теңіз таусылмас аққан бұлақ.

                    Мағжан сенген жастарым алда тұрат.

                    Білімді жас мамандар көш бастаса,

                    Лаулар Алтынсарин жаққан шырақ – деп жазған №58 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Хасен Масғұттың өлең жолымен басталды. Жастарға өз еңбек жолдарымен бөліскен А. С.  Шекеров №7 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, Ш.С. Касенова №81 «Astana English School» гимназиясының пән мұғалімі, тарих пәні қауымдастығының жетекшісі, М.А. Оспанова №74 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, қалалық ӘБ жетекшісі, К.У. Мизамбеков №37 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі жас маманды жаңа ортада бейімделуге рухани қолдау көрсетті. Іс-шара барысында жас мамандар да өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстелді «Жас маман» клубының жетекшісі М.Х.Рахымжанова қорытындылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған