ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

29 қыркүйек күні  Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында  Астана қаласы әкімдігі «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының» ұйымдастыруымен  «Тілім – тірегім» Қазақстан халқы тілдері мерекесінің аясында өткен фестивальдің  қорытындысы  өтті.

Фестиваль аясында  «Тілім – тірегім» атты Қазақстан халқы тілдерінің ХХІV қалалық қазақша куиз ойындарына меклекеттік қызметкерлерінен  құралған жеті команда  қатысты.

Жеті команданың ішінен Астана қаласы Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығының, №70 мектеп-лицейінің педагогтерінен құралған  «Тіл жанашырлары» құрамасы 1-орын иеленсе, Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлерінен құралған «Құрама» тобы 2-орын, Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Допинг» құрамасы және Төтенше жағдайлар департаменті «Құтқарушылар» құрамасы 3-орынды жеңіп алды.

Астана қаласы әкімдігі «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен» жыл бойы атқарылған жұмыстың негізінде Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызы Алғыс хатпен марапатталды.

Фестиваль аясындағы 16 шараның ең ауқымдыларының бірі «Ханталапай» Ұлттық ойындар сайыс жеңімпаздары:

  • 3-орын – №42 орта мектептің оқушысы Нұрдәулет Ақышов;
  • 2-орын – №52 мектеп гимназиясының оқушысы Ырыскелді Аттокуров;
  • 1-орын – №7 мектеп гимназиясының оқушысы Дастан Амангелді;

Тоғызқұмалақ сайысында ептілік көрсетіп, топты жарған жеңімпаздар:

  • 3-орын – №32 мектеп гимназиясының оқушысы Жеңісхан Қабылбек;
  • 2-орын – №32 мектеп гимназиясының оқушысы Әлихан Жахан;
  • 1-орын – №90 мектеп гимназиясының оқушысы Диас Боранбай;

Топтың бірлігі мен қайсарлығы сыналатын арқан тарту сайысынының жеңімпаздары:

  • 3-орын – №24 орта мектептің құрамасы;
  • 2-орын – №52 мектеп лицейінің құрамасы;
  • 1-орын – №85 мектеп лицейінің құрамасы;

Астана қаласы мектеп оқушыларының арасындағы алып күш иелерін марапаттаймыз. Гір көтеру бойынша 16 келі гірді

  • 17 рет көтеріп, 3-орынды иеленген №85 мектептің оқушысы Еркебұлан Әлемхан!
  • 25 рет көтеріп, 2-орынға жайғасқан №52 мектептің оқушысы Бағдәулет Темірбеков!
  • 30 рет көтеріп, ең үздік атанып, 1-орынға ие болған №85 мектептің оқушысы Даниал Медетұлы!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған