ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП

М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтiң туғанына 125 жыл толуына орай «Оқуға құштар мектеп» мемлекеттiк бағдарламасы аясында жазушының негiзгi шығармаларын жастар арасында насихаттау мақсатында «Мұхтар мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында дөнгелек үстелі өтті.

Дөңгелек устелді ОКЖ КММ директоры Мадибаева Г.С құттықтау сөзін сөйлеп, ашып бердi.

Іс-шара қонақтары: ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Турысбек Рақымжан Сагымбекұлы; «Polska Jedność» YEY вице-президенті Дусумов Ринат Туробаевич; 71-мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалiмi Қасымова Акбопе Ерланқызы.

Шара барысында «М.Әуезов – ұлылықтың үлгiсi, М.Әуезов әлем адебиеті мойындаған тұлға» атты бір узік сыр оқылып, М.Әуезовтің шығармашылығы жайлы пiкiрлер тындалды.

Шараға ЕНУ студенттері, 71 мектеп-лицейдiң 11 сынып оқушылары және оқырмандар қатысты.

Жазушыға талай оқындар жүрек жарды жыр арнаған. Қатысушылар Қ.Аманжолов «Мухтар аға Әбдіраштың Жарасқаны «Тарихы заңы», Расул Гамзатов «Мұхтар аға» арнауларын оқыды.

71 мектеп оқушыларм мен EHУ студенттерi өз өнерлерін көрсетіп, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзiндi қойылым көрсеттi. Бекзат Смағул «Сегіз аяк» әнiн орындаса, Абзал Мақаш, Арманбек Жәкейхан, Писпекбаева Әдема студенттер мен оқушылардың өнерлерiн тамашалыдық.

«Әуезов әлемі» тақырыбы атты көрмеге жалпы шолу жасалды.

М.Әуезовтің шығармашылық мұрасы-халық игiлiгi және ұлттық мәдениеттiң бренді,алтын дәуiрiнiң бастауында турып,оны ғасырдан ғасырға ұрпағымыздың қазынасы болып қалатыны сөзсіз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған