Аттестаттау жұмыстарын талдау

2022 жылғы 20-21 қыркүйек аралығында Астана қаласы әкімдігінің
«№59 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі базасында «Астана қаласының білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау жұмыстарын талдау. Проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы және қосымша білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары мен әдіскерлеріне арналған семинар өтті.

Семинарда «Талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы Рамазанова Айгүл Есенқызы 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында өткен педагогтарды аттестаттау нәтижесі бойынша баяндама жасады. Баяндама барысында аттестаттау кезінде туындаған мәселелер туралы айтып, шешу жолдарын ұсынды.

Семинарға орта білім беру ұйымынан директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары (98 адам), мектепке дейінгі білім беру ұйымынан 75 әдіскер, арнайы білім беру ұйымынан 22 педагог, қосымша білім беру ұйымынан 13 басшы орынбасарлары қатысты. Семинар қатысушылары педагогтерді аттестаттауда кездесетін проблемалық сұрақтарына толықтай жауап алды.

Ұйымдастырылған жұмыс сапасын жақсарту мақсатында қатысушыларға Google нысанында жұмыс барысын бағалау үшін кері байланыс беру ұсынылды.

Кері байланыс нәтижесі:

– жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектеседі – 100%,

Семинар материалдарын қолдану дәрежесі бойынша:

ақпарат алмасуда көмектеседі – 41,9%,

өзара қарым-қатынасты күшейтеді -1,6%,

тақырып бойынша жұмысты жоспарлауда көмектеседі – 18,7%,

көрсетілгендердің бәрі іске асты – 38,5%.

Кері байланыс нәтижесі бойынша барлығы 149 респонденттің жауабы талданып, семинар өз дәрежесінде өткізіліп, қатысушыларға пайдалы болғанын көруге болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған