Астанадан көне Ботай мәдениетіне саяхат

Астана қаласының тарих пәні мұғалімдері Көкшетау жеріндегі ашық аспан астындағы мұражай Ботай мәдениетіне саяхат жасап  қайтты. Семинардың мақсаты:  Ботай мәдениеті өркениетінің болғандығының дәлелін теория бойынша білгендерін көзбен көріп, таным-түсініктерін кеңейту. Мұғалімдер арасында жағымды орта қалыптастырып, ашық аспан астында тәжірибе алмасуына жағдай туғызу. Ботай қорымсынан 185 тұрақ табылған мәдениеттің  8 бөлмесі  қайтадан қалпына келтірілген.  Кіре беріс, қару жарақ, азық-түлік, жатын бөлме, көсем мен шаман бөлмелері жасалынуына марқұм ғалым В.Зайберт арнайы экспедиция ұйымдастырып, көп еңбек сіңірген. Семинарды Бурабайдан 19 шақырым жерде орналасқан Ботай қорымында өткізуді   ұйымдастырған   Білім    беруді   жаңғырту    орталығының   әдіскері

Д. Амиргалиева ашып мақсатымен таныстырған соң,  №76 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ө.Р. Шнанов, №65 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі  П.К. Байташева,  №77  мектеп-гимназиясының  тарих  пәні  мұғалімі А. Нығмет Ботай мәдениеті туралы мәлімдеме жасады. Ботай мәдениеті жылқы малының қасиеттілігін көрсететіндігін көптеп табылған жылқы малының  сүйектерінен көроуге болады. Ботай мәдениеті өркениеттің болғандығының дәлелі. Әріптестер теория бойынша білгенмен көзбен көргеннің орны бөлек, көп мағлұмат алынғандығын туралы оң пікірлер берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған