Меңгерушілер мен әдіскерлерге арналған қалалық оқыту семинары өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 20 қыркүйек күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған қалалық оқыту семинары өтті.

Іс-шара мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды педагогтерге түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Семинар жұмысына елордалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Әділбаев Серік Тәукеұлы, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Кайратовна, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері қатысты.

Семинар спикері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Адамова Манара Елекеновна Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі,  Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда  2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы баяндады.

  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын қамтамасыз ету орталығының басшысы Мукушева Гульнара Омарбековна мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, перспективалық жоспар және циклограмманы жазу жолдарын түсіндірді.

Семинар жұмысы пікірталас алаңына жалғасты, педагогтер өз пікірлерін ортаға салды.    Спикерлер мен Білім беруді жаңғырту орталығының  әдіскерлері қатысушылардың   перспективалық жоспар және циклограмманы жазу,  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мектепалды  топ тәрбиеленушілерінің білімі мен дағдысы туралы және тағы да басқа көптеген сұрақтарына толыққанды жауап берді. Семинарға  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 400-ден астам педагогі қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған