НЗМ мектептерімен бірлескен тәжірибе алмасу алаңы

15.09.2022 ж. күні «Өзгерістерден ізденістерге дейін»  НЗМ бірлескен тәжірибе алмасу жұмыс алаңы басталды. Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебімен»   жүргізілетін тәжірибе алмасу алаңы жұмыс тобындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мендибаева Салтанат Аблахатқызының 8-сыныпта өткізген «Отбасы және демографиялық өзгеріс» сабағына қатысып қайтты. Мұғалімдер оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу мақсатында жүзеге асқан сабақтан өздеріне керекті мәліметті алып, сабақтан кейін өзара талқылау жұмыстарын жүргізіп, алда жүргізілетін зерттеу жұмысы бойынша тақарыптарын нақтылап қайтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған