Ақбота Бақытқызы 60 жаста

14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК «Мектепке дейінгі және орта білім беру»  бөлімінің басшысы, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Есематова Ақбота Бақытқызының 60 жасқа толу мерейтойын орталық ұжымы атап өтті. Алғашқы құттықтау сөзді  Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайырбаева Маржан Жамбылқызы Басқарма басшысының атынан құттықтап, ерен еңбегі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Оспан Сүлейменұлы  «Мұғалім мерейі» мақаласын «Астана-Ақшамы» газетіне жариялап, Ақбота Бақытқызына табыстады. Қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Б. Алиев мерейтой иесіне білім саласына аянбай қызмет ету басты парыз деп санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты педагогке Алғыс хат табыстады.

Ақбота Бақытқызымен ұстаздық қызмет атқарған әріптестері, Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектеп әкімшілігі, қашықтықтан оқыту кезінде Республикалық «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында телесабақтарды бірге жоспарлап өткізген тележоба ұжымы, қала мектептерінің Педагогтер қауымдастық жетекшілері, Халықаралық «UNICEF» өкілдері  салтанатты құттықтау рәсіміне қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған