Тәрбие жұмысында  жобалардың маңыздылығы мен жүзеге асырылу деңгейі

Нұр-Сұлтан   қаласы  Білім   беруді   жаңғырту   орталығының ұйымдастыруымен  2022 жылғы 13 қыркүйек күні №3 мектеп-гимназиясында «Тәрбие жұмысын сапалы жүргізудегі жобалардың маңыздылығы мен жүзеге асырылу деңгейі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының іскерлік, кәсіби және тұлғалық сапасының тиімділігін арттыру, балалармен тәрбие жұмысы бойынша кәсіби қызметте әдістемелік көмек көрсету.

Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Сарамбетова Гүлфара Бекболатқызы «2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері», Білім беруді жаңғырту орталығының «Тәрбие және тұлғаны дамыту» бөлімінің басшысы Бекетаева Гульдана Ескенқызы «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұлға тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ, «READx», «Оқушының мәдени нормативі», «Ұлағатты ұрпақ», «Мектептегі дебаттық қозғалыс», «Мектеп медиациясы» жобаларының жұмысы мен жалпы білім беретін мектептерге енгізілуі туралы айтып берді.

Іс-шара барысында Республикалық қосымша білім бері оқу-әдістемелік орталығының пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсесінің сарапшысы Нүркен Дәулет Қайратұлы «Дебат клубын ұйымдастыру», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлык орталығы, Білім беру бағдарламалары бөлімінің аға менеджері, педагогика ғылымдарының кандидаты Дюсенбаева Ардақ Төлеуовна  «Жобалық қызмет – тәрбие мен оқытудың бірлігін қамтамасыз ету құралы»,  Сырбай Мауленов атындағы №37 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ахметова Гулмира Мұхитбековна  «Патриоттық құндылық», халықаралық медиация институтының директоры, Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің Халықаралық жаттықтырушы-медиаторы, кәсіби медиатор Усипбекова Жанара Жолдасбаевна  «Медиацияны жүргізу тәртібі мен тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған